қол өнерге бастама

Былтыр үлкен қайырымдылық жәрмеңкесіне дайындалып жүргенімізде, 50 шақты керамикалық бокал мен әртүрлі моншақ сатып алғанмын. Ниетім – бокалдарға әдемілеп Абайдың қара сөздерін жазып, моншақтардан сәнді сырғалар жасап, қайырымдылық іске өз үлесімді қосу болатын. Сол кезде жоспарым сәтсіздікпен аяқталды – (қазір есіме алсам күлгім келеді) – бокалға арнайы бояумен жазғанмен, жуған кезде бояуы кетіп қалатын (сырын әлі түсінген емеспін) болса, қала аралап жүріп сырға жасауға керекті фурнитура (ілмектерді) таппай қалғанмын. Кешегіге дейін! Салтанатқа үлкен рахмет: өз блогында өз қолөнерімен бөлісіп, былтырғы қызығушылығымды қайта есіме түсірді!

Қол өнерге қатты қызығамын, бірақ өзім не тоқи, не де тіге алмаймын :(. Бүгін түнде намысқа тырысып жоғарыдағыдай сырға жасап көрдім. Сәл қисық-мисықтау болып шықты, дегенмен – жақсы бастама сияқты ;) шабыттанып, қол өнерге арнап жаңа парақша ашуға да бармын! ;) кім білед, мүмкін кейііііін сол блог үшін-ақ арнайы барып нағашыларымнан құрақ көрпе тігуді үйренермін.. күшті болар еді.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * қолөнер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s