жарма ұнтағынан ботқа

Өз басым микротолқынды пешті бұрындары тек қана тамақты жылыту үшін қолданатынмын. Бүгінгі таңғы асқа бұл пештің көмегімен жарма ұнатағынан ботқа пісіріп көрдім. Нәтижесі ойлағанымнан күшті болып шықты: бар жоғы 5-ақ минутта еш түйіні жоқ, керемет ботқа піскен болды. Бәрі бір ыдыста дайындалатындықтан, артық ыдыс жуып әуре болмайтыныңызды ерекше атап кеткім келеді. Бұйырса микротолқынды пеште әлі басқа да нәрселерді пісіріп көрем.

– 2 ас қасық жарма ұнтағы (ор.манка)
– 2 ас қасық қант
– 1 стакан салқын сүт
– 1 шәй қасық сары май

Шұңғыл ыдысқа жарма, қант және сүт қойып, қант ерігенше араластырыңыз. Енді ыдысты 1.5 минут 750С макротолқынды пеште қайнатыңыз. Ыдысты шығарып, ботқаны араластырыңыз. Сары май қосып, тағы 1.5 минут пісіріңіз. Көрсетілген уақыт бойынша пісіретін болсаңыз, ботқа сәл сұйықтау болып піседі. Берілген уақыттан көп пісірсеңіз, ботқа қоюланып піседі.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: микротолқынды пеш. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s