Сейсенбі күні әріптестеріме алма пирогынан жасап апарғанмын. Сол пирогтан аздап қамыр қалған еді. Дәл сол кезде онымен не жасарымды білмей, тоңазытқышқа қоя салған едім. Кеше содан өрікті печенье жасап көрдім. Әттең, печеньенің формасын әдемілеп жасауға әдеттегідей шыдамым жетпеді.
Қамыр рецепті үшін мына жақты қараңыз.
– 15 шақты кепкен өрік
– қант пудрасы
Өріктерді жылы суда жуып, өте майда етіп тураңыз. Негізі өрікке жаңғақ қосылса тіптен дәмді болады. Енді қамырдан жаңғақ үлкендігінде домалақтар үзіп, қолмен жұқалап, ішіне туралған өріктен қойып жабыңыз. 180С ыстық духовкада пісіріңіз. Піскен печеньелерді сәл суытып, үстіне қант пудраны себіңіз.