шикі салат

Бүгін досым Ғалия K. бір апта бойы барынша шикі көкөніс жеп, толығымен сүт және ет тағамдарынан бас тарту арқылы денсаулығын едәуір түзеткенін айтты. Ішек ауруына, буын ауруына кәдімгідей ем болыпты. Алайда мұндай ем бәріне жақсы бола бермейтіні де бар. Дегенмен, оның әңгімесінен кейін төмендегідей салат жасағым келіп кетті. Жеңіл. Пайдалы. Дәмді. Ұнады!

– 2 сәбіз
– 4 шалғам
– көк пияз
– лимон суы
– 1 ас қасық зәйтун майы
– тұз

Шалғам мен сәбіздерді домалақтап тураңыз. Көк пияз бен қалауыңыз бойынша басқа да аскөкті турап қосыңыз. Енді, бөлек ыдыста зәйтун майы мен лимон суы + тұз қосып араластырыңыз да, салатқа қосып араластырыңыз. Соустың салатқа жақсылап сіңуі үшін 10 минуттай тоңазытқышта ұстаңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s