вафельді кекс

23:29 / 18 наурыз:
қыздарикилар, қолдауларыңа көп рахмет! Бірақ осыншама комментарий ішінен біреу болсын вафельді кекс туралы сұрақ қойса ғой ;)! Тақырыптан тыс комментарий дегенім де сол. байқағаныңыздай аспаздықтың оң жағына э-пошта адресімді жазып қойдым. Енді тілек, критика т.с.с пікірлеріңіздің бәрін сол жаққа жазсаңыз болады.

Ашулымын. Мазмұнына емес, сыртқы көрінісіне қарайтындарға; тақырыптан тыс коммент жазатындарға; қате көріп тұрып айтпайтындарға; қазақ тілді жетік білмегеніме; «қазақша білмесең-жазба!» дейтіндерге; қазақша сөйлеу/жазу комплексіне берілетініме; қазақшадан өзге тілде блог жүргізгім келмейтініме – қатты ЖЫНЫМ келеді! Ашуым басылғанша, аспаздыққа кірмегенім жақсы. п.с: қыздар, 8 наурызбен сендерді! кекс жасап келіп едім..

– 3 жұмыртқа
– 1 стакан сүт
– 0,5 стакан сұйық май
– 1 стакан қант пудрасы
– 2,5 стакан үн
– рахрыхлитель

– вафелдер
– мейіз

Жұмыртқалардың ағын қант пудраға қосып араластырыңыз. Сүт пен май қосыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқа сарысын араластырып, негізгі қамырға қосыңыз. Ұн мен разрыхлитель қосып, араластырыңыз. Вафельдерді майдалаңыз. Енді пісіретін ыдысыңызды майлап, ішіне аздап ұн сеуіп, қамырдың жартысын төгіңіз. Вафельдер мен мейіздерді қойып, қалған қамырмен жауып тастаңыз. 170С алдын ала қыздырылған духовкада пісіріңіз. Дайын кексті жақсылап суытып, ыдысынан шығарыңыз. Қалауыңыз бойынша, үстіне қант пудрасын сеуіп қойыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: кекстер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s