пончиктер

эх, қандай күшті бастама болған десеңші.. Дәмді және Ақбантиктің дастарханы ашылған кезде қуанғанымды айтсаңш..эх. бір жағынан қыздарды түсінетін де сияқтымын: Гауһар – ұлы мен сабағы арасында уақыт таппай жүрсе, Ақбану жаңа туған қызын еркелеп жатқан болар. олардың сайттарына кіріп «эх-леп» жүрген мені қайтсін ол екеуі ;) бізге қалғаны қыздардың жетімсіреп тұрған сайттарына сұғалап қарап, рецепттерді қайта қайта оқып, жасалынбағандарды жасап тұру.. төмендегі пончиктер Ақбанудың дастарханынан алынған.

(кішкентай ғана өзгерістер жасадым. тұпнұсқа мына жерде)

– 500 гр ұн
– 3 жұмыртқа
– 100 гр сары май
– 5 ас қасық қант
– 1 стакан жылы сүт
– 1 ш.қ. ашытқы
– 2 ш.қ. тұз
– 2 ас қасық сұйық май

Сүтке қант пен ашытқыны қосып араластырыңыз. Жылы жерге бетін жауып қойыңыз. Бөлек ыдыста ұн, тұз, жұмыртқаны және жұмсартылған сары майды араластырып, ашытқыны қосыңыз. Жұмсақ қамыр илеп, 30-40 минутқа бетін жауып, қойыңыз. Қамыр көтерілген соң мен сияқты қолмен аз аздан үзіп, жұқартып ортасын 5л судың «крышкасымен» тесіп қойсаңыз болады. немесе (recommended), Ақбану жасағандай – күлшелерге бөліп, 2 см. қалыңдықта жайыңыз да, шеңбер тәрізді домалақтар кесіп, ортасын тесіңіз. Екі әдістің бір ерекшелігі бар – ақбанудың тәсілімен жасасаңыз пончиктеріңіз тиянақты әрі әдемі яғни менікілер сияқты қисық-мисық болмайды. Қыздырылған майда екі жағын кезек-кезек аударып қуырыңыз. Піскен пончиктерді суытып, үстіне қант пудрасын себіңіз. Ас болсын.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ұн тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s