түрікше пицца: pide

Пиде әр-түрлі болады: сосис қосылған, фарш қосылған, ірімшік қосылған… ешнәрсе қосылмағаны да. қысқасы – итальяндық пиццаның түркияда туылған туысы. аты не болса да, тез жасалынатып «пицца»лар қатарына қостым. негізінде пиденің шеттеріне томат жағылмайды, маған томатпен сүйкімділеу көрінді. төмендегі мөлшермен 8 пиде шығады.

– 7гр ашытқы
– 1 ш.қ қант
– 1,5 ш.қ тұз
– 4 ас қасық сұйық май
– 2 стакан жылы су
– ұн

– 6 сосис
– 200 гр сүзбе
– 100 гр ірімшік
– 70 гр сүт
– 2 жұмыртқа
– 1 жартылай ащщы бұрыш
– 3 қызанақ
– «душистый» қызыл бұрыш
– аздап тұз

Ұнның төрттен біріне құрғақ ашытқы, тұз және қант қосып араластырыңыз. Жылы су мен сұйық май қосыңыз. Қалған ұнды қосып илеңіз. Қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр шығуы керек. Бетін жауып жылы жерге 30 минутқа қойып қойыңыз. Сосистерді домалақтап турап, майға қуырып алыңыз. Бұрышты және қызанақтарды тураңыз. Бөлек ыдыста сүзбеге жұмыртқа, тұзды, сүт пен үгіттілген ірімшікті қосып араластырыңыз. Көтерілген қамырды ұн себілген үстелде алдыменен 2-ге, кейін әр бөлікті тағы 2-ге, сүйтіп барлығы 8 кішкентай зуалаға бөліңіз. Әрбір зуаланы сопақ етіп жайыңыз да, пісіретін ыдысыңызғы ұн сеуіп, соның үстіне қойыңыз. Сүзбелі-ірімщікті қоспадан жағыңыз. Енді шетіне 1 см тастап, сосистерді, бұрыш пен қызанақтарды тізіңіз. Пиденің шеттерін ішіне қарай бүгіңіз. Енді қалауыңыз бойынша пиденің шеттеріне а)1 ш.қ ұн + 1 ш.қ сұйық май қоспасын немесе; б) 2 ш.қ томат пастасы + 1 ш.қ сұйық май қоспасын жағыңыыз. Пиделерді алдын ала ысытылған 220С духовкада 15-20 минуттай пісіріңіз. Дайын пиденің қасына дәстүрлі серігі айранды қосып сервис жасаңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Пиццалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s