алмалы құймақтар

Үйреншікті құймақтарға қарағанда бұл құймақтар сәл қалыңдау және өте «нежный» болып піседі. Алманың дәмі піскен құймақтардан да сезіліп тұрады. қалауыңыз бойынша, тағы 1-2 алманы аршып, төртбұрыштап турап, май және қант қосып қуырып алыңыз. Қуырылған алмаларды дайын алмалы құймақтардың ішіне орап сервис жасасаңыз болады.

– 2,5 стакан сүт
– 1,5 стакан ұн
– 3 жұмыртқа
– 3 ас қасық сұйық май
– 3 ас қасық қант
– 1 алма
– 1 ш.қ тұз

Жұмыртқаларды миксермен араластырыңыз. Сүттің жартысын (1 стакан), қант, тұз қосыңыз. Араластырыңыз. Ұнды аз аздан қосып араластырыңыз. Енді май мен қалған сүтті қосыңыз да, қабығы аршылып үккіштен өткізілген алмамен араластырыңыз. Қою қаймақ сияқты болуы керек. Жақсылап ысыған табаға 1 ожау мөлшерінде (табаның үлкендігіне байланысты) құйып алдыменен бір жағын, кейін екінші жағын пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s