томат шырыны

Томат шырынын үйде жасауды Гүлжан Ж. құрбымнан көріп үйренгенмін. сонау 90 жылдары. сондағы әлі күнге дейін ұмытпай есімде қалудың себептері- дәмділігі, шырынның томат пастасынан жасалынатыны, жасалу тәсілінің оңайлығы. інім «магазиндікіне оңша ұқсамайды» десе де, маған үйде жасалынатын томат шырыны ұнайды. Сондықтан сіздермен бөлісуге асықпын.

– 2 қызанақ
– 2 ас қасық томат пастасы
– 0,5 литр қайнатылған салқын су
– 1 ас қасық тұз
– талғамға қарай қара бұрыш

Қызанақтарды төртбұрыштап тұрап блендерге қойыңыз. Үстінен томат пастасы мен су, тұз қосып, 2-3 минуттай айналдырыңыз. Ұзақ айналдырып, шырынды пюреге айналдырып жібермеңіз. Егер де аз айналдырғанның өзінен пюре болып қалса, тағы тұзды судан қосыңыз. Дайын шырынға қара бұрыш қосып ішіңіз. мммм-М.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сусындар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to томат шырыны

  1. Альмира айтады:

    миксермен айналдырса ше?

    • elvira айтады:

      Болады. бірақ көбірек уақыт араластыру керек – қызанақ толық езілгенге дейін. блендердің жақсы жері сол – аз уақытта толығымен езіп береді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s