Қамыры жарты сағаттай тоңазатқышқа қоюды керек етпейтіні арқасында пирог тез жасалынатын пирогтар тізіміме ілінді. Оған қоса миксер сияқты электрқұралдарды қолдануды да керек етпейтіні ұнады! Қысқасы, үйге күтпеген қонақ келіп қалса, шәйға жылдам бір нәрсе пісіру керек болса – таңдауым осы пирог болмақ.
– 200 гр сары май
– 1 жұмыртқа
– 200 гр қант пудрасы
– 1 стакан ұн
– 2 ш.қ. разрыхлитель
– 2 алма
– 1 қасық қант
– корица
– 1 ас қасық сары май
Алмаларды аршып, төртбұрыштпа тураңыз. Қант, корица мен май қосып, алмалар толық жұмсарғанша қуырыңыз. ең көп дегенде 8-10 минутта пісіп қалады. алмаларды суытыңыз. Қамыр үшін май, жұмыртқа, қант пудрасымен араластырыңыз. Разрыхлитель мен ұн қосып, жұмсақ қамыр илеңіз. Майланған ыдысқа қамырдың 3/1 жайып, үстіне піскен алмаларды қойыңыз. Қалған қамырды алмалардың үстіне ірі үккіштен өткізіңіз. 190С алдын ала қыздырылған духовкада 20 минуттай пісіріңіз.
Elvira kesi osi pirogti jasadim, 1 stakan un az emes pe men 2 stakanday kostim odan kop bolmasa?