рулетті кекс

Төмендегі кекс жәй лимонды кекс рецепті болатын, кейбір өзгертулер мен хамленің «Соната» рулетін қосып рулетті кекс жасағандай болдым. хе-хе: кейде осындай экстравагантті нәрселерді жасап тұратыным бар. көбіне (мысалға, өткендегі шпинатты пирог немесе бүгінгі уксусті печенье) мұндай эксперименттер сәтсіз болып, аспаздыққа жазылмайды. Шүкір төмендегі кекс аспаздықтың басқа кекстеріне қосыларлықтай сәтті шықты. жасап көріңіз.

– 240 гр сары май
– 3 жұмыртқа
– 1 стакан қант
– 1 лимон цедрасы
– 1 стакан сүт
– 2 ас қасық лимон шырыны
– 3 стакан ұн
– 1,5 ш.қ. разрыхлитель
– Соната рулеті

Жұмсарған майды, жұмыртқаларды және қант пен лимон цедрасын кем дегенде 5 минуттай миксерлеңіз. Сүтке лимон шырынын қосып араластырыңыз. Ұнға разрыхлитель қосыңыз. Негізгі қоспаға сүт пен ұнды кезек кезегімен қосып араластырыңыз. Ыдысты майлап, жұқалап туралған рулетті ыдыстың шетімен тізіп шығыңыз. Үстінен кекс қамырын құйып, алдын ала қыздырылған 180С духовкада 45 минуттай пісіріңіз. Қалауыңыз бойынша ыстық кексттің үстіне бал жағып қойыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: кекстер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s