Кабак татлысы – түрік десерті. Тәтті асқабақ. Қазақ пен түріктердің бауырластығының тағы бір белгісі деп қояын ;) өйткені, қазақ аспаздығына да тән тағам түрі бұл. асқабақ ұнатушылар міндетті түрде жасап көру керек. қант мөлшерін талғамға қарай өзгертуді ұмытпаңыз.
– 1 кг асқабақ
– 3 ас қасық қант
– майдаланған жаңғақ
Асқабақты аршып, үлкен емес бөліктерге тураңыз. Табаға немесе қазаншық түбіне туралған асқабақтардың астын төмен қаратып тізіңіз. Бір қатар етіп. Енді үстіне қант сеуіп қойып, үстін жабыңыз. қатты емес отқа қойып 15 минут пісіріңіз. Асқабақ су шығарып қайнай бастаған кезде, үстін ашып тағы 20-25 минуттай пісіріңіз. Піскен асқабақтарды ыдысқа қойып, үстіне майдаланған жаңғақ сеуіп қойыңыз. Суытып жеңіз. Ас болсын!
maysiz pisiriledi me?
аха, Айша, майсыз.
Blogyngyzgha rahmet!!!
astyn tomen qaratyp degen qalay?
ja’ne su qospaymyz ba?
as bolsin! retsepter bireudin paydasina tiyip jatsa, blogger ushin odan artik bakit jok sira. =)
astin tomen karatip degenim – askabaktardi tizgen kezde kalay bolsa solay koya salmay katty (kabigi arshilgan) jagimen tizu kerek (yagni, ish jagi jogari karap turui kerek). Sudi kospay pisiriniz. Askabak ozinin suina pisedi.
асқабақты духовкаға да салып істейтін бір десерт жеп едім баяғыда, соның рецебін білмейсіз бе?
көп пецепт бар. Асқабақтардың сезоны бітпей тұрып өзім де жасап көрейін деп жүргенмін. енді тездететін боламын =)