Monthly Archives: Ақпан 2009

вегетериандық суши

Жапондықтарда «вегетериандық» суши деген нәрсе болмайтын шығар, бірақ қазақтың үйінде жапондардікіне қарағанда күнде балық бола бермейтінін есепке алып төмендегідей суши ұсынып тұрмын. Балықты мүлдем ұнатпайтындардың да назарына. төменде 2 кісілік мөлшер беріліп тұр. – 1 стакан күріш– 1 ш.қ қант– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

алмалы құймақтар

Үйреншікті құймақтарға қарағанда бұл құймақтар сәл қалыңдау және өте «нежный» болып піседі. Алманың дәмі піскен құймақтардан да сезіліп тұрады. қалауыңыз бойынша, тағы 1-2 алманы аршып, төртбұрыштап турап, май және қант қосып қуырып алыңыз. Қуырылған алмаларды дайын алмалы құймақтардың ішіне орап … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

сүзбелі алма пирогы

– 1 жұмыртқа– 2 қасық сары май– 70 гр қант пудрасы– 1,5 стакан ұн– ванилин– 1 ш.қ. разрыхлитель ішіне: – 4 алма– 1 қасық сары май– 2 қасық қант– 1 ш.қ. корица– 200 гр сүзбе– 1 жұмыртқа– 3 қасық қант … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

томат шырыны

Томат шырынын үйде жасауды Гүлжан Ж. құрбымнан көріп үйренгенмін. сонау 90 жылдары. сондағы әлі күнге дейін ұмытпай есімде қалудың себептері- дәмділігі, шырынның томат пастасынан жасалынатыны, жасалу тәсілінің оңайлығы. інім «магазиндікіне оңша ұқсамайды» десе де, маған үйде жасалынатын томат шырыны ұнайды. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | 2 пікір

қызыл балық қосылған пицца

қамырын жеке рейтингімде қазіргі уақытта №1 болып тұрған аралас пиццанікіндей жасадым. хехе, бұл жолы ешнәрсе ұмытпай бәрін дұрыс жасадым. өте ұнады. жақын кезде пицца жасар болсаңыз, міндетті түрде осы әдіспен жасауды «советтеймін». ішіне қосқандарым:– 50гр қызыл балық (көп болса дәмдірек … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Пиццалар | Пікір қалдыру

ұнтақ қалпақты алма пирогы

Қамыры жарты сағаттай тоңазатқышқа қоюды керек етпейтіні арқасында пирог тез жасалынатын пирогтар тізіміме ілінді. Оған қоса миксер сияқты электрқұралдарды қолдануды да керек етпейтіні ұнады! Қысқасы, үйге күтпеген қонақ келіп қалса, шәйға жылдам бір нәрсе пісіру керек болса – таңдауым осы … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | 1 пікір

лимонды балды шәй

Шайыңызға лимон мен бал қосып ішіп көріңізші – өте дәмді. Әрі пайдалы. Алматының күтпеген жерден қайтып оралған аязды қыс күндері мұндай шәй highly recommended!

Орналастырылған санаттары: Сусындар | Пікір қалдыру

аралас пицца

қамыры жұқа, қытырлақ, дәмді пицца! пиццаның үстіне қоятын заттарды қалауыңыз бойынша жасауыңызға болады. мен пиццаның жартысына қуырылған пияз бен фаршты қойып, екінші жағына сосистерді қойып пісірдім. әдеттегідей асығыс болғандығымнан, пицца қамырын илегенімде тұз қосуды ұмытып кетіппін! онысым қамырды жаяйын деп … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

ертең жәрмеңке!

Ертең Сүлейман Демирел университетінің алдында сағат күндіз 12-де азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі. Сіздерді және жақындарыңызды асыға күтеміз!

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

рулетті кекс

Төмендегі кекс жәй лимонды кекс рецепті болатын, кейбір өзгертулер мен хамленің «Соната» рулетін қосып рулетті кекс жасағандай болдым. хе-хе: кейде осындай экстравагантті нәрселерді жасап тұратыным бар. көбіне (мысалға, өткендегі шпинатты пирог немесе бүгінгі уксусті печенье) мұндай эксперименттер сәтсіз болып, аспаздыққа … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: кекстер | Пікір қалдыру

kabak tatlisi

Кабак татлысы – түрік десерті. Тәтті асқабақ. Қазақ пен түріктердің бауырластығының тағы бір белгісі деп қояын ;) өйткені, қазақ аспаздығына да тән тағам түрі бұл. асқабақ ұнатушылар міндетті түрде жасап көру керек. қант мөлшерін талғамға қарай өзгертуді ұмытпаңыз. – 1 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Десерт, Көкөніс тағамдары | 6 пікір

шұжықты гүлдер

Қайырлы таң, аспазшылар! Швейцарияның көркем жерлерін аралап, Францияның Диснейлендінде балалық шақты еске алып, бүгін міне жаңа күшпен жұмысқа кірістім. Демалыс жарықтықтың көзді ашып жұмғанша біте қалатыны жаман.. алайда әр нәрсенің мөлшерімен болғаны да дұрыс шығар: несін жасырайын – жұмысымды да … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру