Кеңес кезінде «зебра торты» ең көп жасалынатын кекстер қатарында еді. Қазір болса, елдер үйде торт / кекстерді жасағанша, «Дастарханға» барып дайынын алуға құмар. Өкінішті-ақ. Кеше ескі заманның зебрасын жасағым келді, бірақ дәл сол кездің рецептін таба алмадым. Дегенмен төмендегі зебраның рецепті да жаман емес.
– 4 жұмыртқа
– 1 стакан қант пудрасы
– 100 гр қант
– 0,5 стакан сұйық май
– 100 гр сары май
– 1 стакан минералка немесе сүт
– 1,5 немесе 2 стакан ұн
– разрыхлитель
– ванилин
– 2 қасық какао
Жұмыртқа мен қантты (+пудрасын) араластырыңыз. Сүт немесе минералка, май, ұн мен разрыхлительді, ванилинді қосыңыз. Шыққан қамырды екіге бөліңіз. Осы қамырдың біреуіне какао, екіншісіне 2 қасық ұн қосып араластырыңыз. Майланған 22-23см форманың тура ортасына кезек кезегімен үш-үш қасықтан қара және ақ қамырды құйып тұрыңыз. Алдын ала ысытылған 180С духовкада пісіріңіз.
zebra kerisinwe menin en kop jasaityn keksimnin biri))))