Басында жаңа жылға дейін айтам деп жоспарлағаным, кейін сыйлық іздеуімен жаңа жылдан кейінге ауысқан бір хабарландыруым бар:
Аспаздықтағы рецепттердің айтарлықтай көбін жасаған, ең маңыздысы – әр жасаған рецептке «жақсы/жаман» бағасын беріп, аспаздыққа есебін жазып жүретін (ол үшін ерекше р-а-х-м-е-т!), сөзсіз 2008 жылы аспаздықтың ең адал аспазы/оқырманы болған Айшаға кішкентай ғана сыйлық дайындадым. Көкөністерді кесу құралы – Nicer Dicer.
Айша, аспаздықтың өмірінде бар болғаның үшін үлкен алғысымды білдіремін. Кей рецепттер дұрыс жазылмай, менің кесірімнен жасаған тағамың үйдегілердің көңіліңнен шықпай қалса кешірім өтінем. Сәтсіздіктерге бой бермей, аспаздық жолында үлкен жетістіктерге жетуіне тілектіспін!
(Айша, сыйлықты алу үшін inbox2003@gmail.com адресіне хабарласуыңды сұраймын)