Travel&Living каналынан Jon & Kate + 8 реалити-шоуды көргеніңіз бар ма? Тура сондай реалити-шоу бүгін біздің үйде болды: маманың туған күніне орай 6 немересі құттықтауларымен келіп, күлкілі қылықтарымен шаңырағымызды шаттыққа бөледі. Өкініштісі, балалар тез есейеді. Шуаққа толы жылы әр сәтімізді ұзаққа дейін сақтау үшін, бүгін жеке отбасымыздың видеотекасын бастадым.
JVC minidv видеокамерамнан көңілім қалып, SONY DCR-SR45 алғаныма бір айдан асып барады; бірақ әлі видео түсіріп, фильм жасамаған болатынмын. Енді, операторлық қабілетімді сынап көрмекшімін! Сіз де бастаңыз!
аа, ұмытып барам, бүгінгі дастарханға төмендегідей апельсинді пирожный жасадым. Жо, жасадым емес, жасадық! Көмекшім – 2,8 жасар жиенім – Айша. үнемі де осылай болғай деп тілеймін!
– 200 гр сары май
– 1/2 стакан қант
– 1/4 ш.қ тұз
– 350 гр ұн
үстіне:
– 3 жұмыртқа
– 1 стакан қант пудрасы
– 3 ас қасық ұн
– 1 апельсин
Қамыр үшін: майды ерітіп, қант, тұз, ұн қосып қамыр илеңіз. Ыдысты фольгамен жауып, оның үстіне тегістеп қамыр жайыңыз. 180С ыстық духовкада үсті сәл қызарғанға дейін пісіріңіз. Енді, жұмыртқаларды қант пудрасымен араластырыңыз. Бір апельсиннің цедрасын үккіштен өткізіңіз да, апельсин шырынын сығыңыз. Ұн қосып араластырыңыз. Үсті қызара бастаған қамырдың үстіне апельсинді қоспаны құйыңыз. Қайтадан духовкаға қойып 30 минуттай пісіріңіз. Піскен кезде сәл суытып, пирожный формасында кесіп, үстіне қант пудрасын себелеңіз. өте дәмді.