күлегештер

Бұл печеньелер кішкентай балалармен жасалынса жақсы. Әсіресе көз-ауыз сияқты майда заттарды жасауды балаларға тапсырып қойсаңыз, оларға – қызық, сізге – кәдімгідей көмек ;)

– 200 гр сары май
– 1 стакан қант пудрасы
– 2 стакан ұн
– 300 гр крахмал
– 2 ш.қ. разрыхлитель
– ванилин
– 2 жұмыртқа
– 3 қасық какао

Какао мен ұннан басқаның бәрін араластырыңыз. 1 стакан ұн қосыңыз. Қамырды көз мөлшерімен 3-ке бөліп, бір бөлігін бөлек ыдысқа алып қойыңыз. Қалған қамырға тағы 170 гр-дай ұн қосыңыз да жұмсақ қамыр илеңіз. Бөлек тұрған қамырға какао қосып, қамыр илеуге келгенінше 50 гр ұн қосыңыз. Нәтижеде, 2 ақ – 1 қара қамырыңыз болуы керек. Енді ақ қамырды 1,5 см қалыңдықта жайып, қалаған үлкендікте домалақтар жасаңыз. Какао қосылған қамырдан көз-ауыз жасап, жабыстырыңыз.. Уақыт пен фантазияңызға қарай әртүрлі формада печенье жасай аласыз. (мысалға, мұрты бар домалақты немесе қалпағы мен шапаны бар аяз атаны... Арнайы майлы қағазға тізіп, 160С-та 20 минуттай пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to күлегештер

  1. ика айтады:

    бүгін осы печеньені қайтсемде жасаймын. Әсіресе кішкентай балалар қатты қуанатын шығар.Печенье өте дәмді шығар. Осындай рецептімен бөліскеніңізге үлкен рахмет! Айтпақшы крахмалды қоспаса не болады?

    • elvira айтады:

      менің ойымша, крахмал печеньені жеңілдеу етеді. сосын ерекше үгітілмелі (рассыпчатое) болады печенье

Leave a reply to ика Жауап беруден бас тарту