Кеше достармен жиналып құрбандық етті қуырып, мерекелік дастархан жайған едік. Ұзаққа есте қалардық бір күн болды! Сіз айттың бірінші күнін кем дегенде біздікіндей жақсы өткізді деп сенемін. Айттарыңыз қабыл болсын!
– 15-20кг сиыр еті
– 1 литр сұйық май
– тұз
– қара бұрыш
– 1 кг пияз
етті тұраңыз. Қазанға май құйып, еттерді қуырыңыз. Үстін жабыңыз
ет өзінің суына жақсылап пісуі керек. анда-санда ғана араластырып қойыңыз.
(айтпақшы шеф-аспазымыз Динара Хасанова. яғни, мен дайындады деп ойлап қалмаңыз)
еттің түсі өзгеріп, ет жұмсара бастаған кезде тұралған пияз қосып араластырыңыз
дайын болғанға 10-15 минут қалғанда тұз бен бұрыш қосыңыз
ыстықтай дастархагға апарып достарыңызбен жеңіз. ас болсын! шалған құрбандар мен ниеттеріміз қабыл болсын!
п.с: менің ойымша сұйық майды мүлдем қоспай, ет өз майы мен суына бұқтырылса тіптен дәмді болып шығады. жасап көру керек.