Monthly Archives: Желтоқсан 2008

2008 жылдың қорытындысы

2008 жылдың да қорытындысын шығару кезі келіп қалды. Соныменен.. өтіп бара жатқан жылы Аспаздықта 8 түрлі балық тағам, 14 бәліш түрі, 5 гарнир түрі, 9 түрлі десерт, 6 түрлі ет тағамы, 14 түрлі кекс, 3 консервілеу әдісі, 13 печенье түрі, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

Нигиридзуси

сушидің көптеген түрі бар десем жаңалық ашқан болмаймын, соның өзінде суши дегенде ойымызға көбіне нори жапырағына оралған суши келетіні сөзсіз. Алайда, төмендегі нигири сушилер де кем дегенде нори суши сияқты танымал, ал жасалынуының оңайлығы жағынан нори сушиден де асып түседі. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары | Пікір қалдыру

майонезді картоп

картоптарыды жақсылап жуып, аршымай 1 см қалыңдықта тұраңыз. 2 ас қасық майонезді 1 түйір сарымсақпен және бұрышпен араластырып, картоптың бетіне жағыңыз. Духовка табағына фольга төсеп, картоптарды тізіңіз. 170С ыстықта үсті қызарып піскенге дейін пісіріңіз. Дайын картоптардың үстіне аскөктен сеуіп сәндеңіз.

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

видеотека және апельсинді пирожный

Travel&Living каналынан Jon & Kate + 8 реалити-шоуды көргеніңіз бар ма? Тура сондай реалити-шоу бүгін біздің үйде болды: маманың туған күніне орай 6 немересі құттықтауларымен келіп, күлкілі қылықтарымен шаңырағымызды шаттыққа бөледі. Өкініштісі, балалар тез есейеді. Шуаққа толы жылы әр сәтімізді … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Торттар | Пікір қалдыру

қозықұйрық сорпасы

– 1 пияз– 1 сәбіз– 2 ас қасық томат– тұз, бұрыш– 250 гр қозықұйрықтар– 1 сарымсақ– 1 картоп– 1 қызанақ– 1 литр сорпа немесе қайнаған су Пияздарды, сәбіз бен қозықұйрықтарды майдалап тұраңыз. Майға қуырыңыз. Қызанақ пен томат қосып араластырыңыз. Сарымсақ … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сорпалар | Пікір қалдыру

зәйтун

Зәйтунды ең алғаш рет 1993 жылы жеп көрдім. Түк ұнамаған еді. 5 жыл өтіп, зәйтунды өлердей жақсы көретін болдым. Дос қызбен әңгімелесіп отырып-ақ 1 кг зәйтунды семішке шаққандай жейміз. Әсіресе қара зәйтун ерекше дәмді. Бірақ бәрінен көп ішіне бұрыш қойылған … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

кокосты құймақтар

Кеше қайырымдылық жәрмеңкесінде жүріп, бір-бірімізді кем дегенде 3 жылдай көрмеген Камила есімді қызды кезіктірдім. «анау қалай, мынау қалай» деп ортақ таныстарды түгендей бастай бергенімде, Камила «бәрі аман-есен. өткенде Әлия сыныптасым аспаздықтың жарнамасын жасады өзіме. қызығып үзбей кіретін болдым» деді. Қатты … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

қайырымдылық жәрмеңке

Бүгін, жексенбі күні сағат күндіз 12:30да «Шахлан» мектебінің алдында кезекті қайырымдылық тамақ жәрмеңкесі өтеді! Баршаңызға – WELCOME!

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

күлегештер

Бұл печеньелер кішкентай балалармен жасалынса жақсы. Әсіресе көз-ауыз сияқты майда заттарды жасауды балаларға тапсырып қойсаңыз, оларға – қызық, сізге – кәдімгідей көмек ;) – 200 гр сары май– 1 стакан қант пудрасы– 2 стакан ұн– 300 гр крахмал– 2 ш.қ. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | 2 пікір

суши

Сушиді көбіне мына мөлшермен жасап жүрдім. Бірақ кеше аз-ақ адамға жасау керек болды да, мөлшерді өзгертемін деп, толығымен ерекше суши жасаған болдым. Ұнады. inside-out rolls үшін мұнда басыңыз. – 500 гр күріш– нори жапырақтары– 2 ас қасық уксус– 1 ш.қ. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары | Пікір қалдыру

құрбандық ет

Кеше достармен жиналып құрбандық етті қуырып, мерекелік дастархан жайған едік. Ұзаққа есте қалардық бір күн болды! Сіз айттың бірінші күнін кем дегенде біздікіндей жақсы өткізді деп сенемін. Айттарыңыз қабыл болсын! – 15-20кг сиыр еті– 1 литр сұйық май– тұз – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Ет тағамдары, Мастер-класс | Пікір қалдыру