Печенье тортының басқа бір нұсқасы. Кескен кезде формасы бұзылып қалды; суретке қарап «оңша емес сияқты» деп алданып қалмайтыныңызға үміт етемін ;) тортқа +5 баға бердім.
– 175гр Petit Beurre печеньесі
– 125гр еріген сары май
– 170-180гр сүт
соусы:
– 1 литрге жақын сүт
– 2 ас қасық крахмал
– 2 ас қасық ұн
– 1 жұмыртқаның сарысы
– 7 ас қасық қант
– ванилин
– 80гр сары май
175 гр печеньені қолмен сындырып үгітіңіз. Микротолқынды пеште майды ерітіп, печеньеге сүтпен бірге қосыңыз. Араластырыңыз.
Печенье қамырын ыдысыңызға жайғастырып, қасықпен үстін тегістеп, нығыздаңыз.
соус үшін керек заттардың бәрін араластырып, жәй отқа қойып пісіріңіз. үнемі араластырып тұрмасаңыз, асты күйеді. Қоюланып қайнай бастаған кезде астын өшіріңіз.
соусты ыстықтай печенье қамырына төгіңіз. үстін тегістеп, қалауыңыз бойынша шоколад/жаңғақ ұнтағын себіңіз. (мен печенье ұнтағын септім). Тортты кем дегенде 2 сағат тоңазытқышқа қойыңыз.
п.с.: рецепт portakalagaci сайтынан алынған
баска печенье косуга бола ма?
рецепттегі печенье кремді тез сіңдіре алуымен ерекше. Басқа печеньелер қалыңдау әрі қаттылау болар