жұмыртқалы салат

бір танысымның үйіне «таңғы ас қонағы» болып барғанымызда көріп-ұнатқан салатым. Лимон суы қосылғаннан май мен жұмыртқаның «ауырлығы» еш сезілмейді. Ең маңыздысы салатты алдын ала емес, дастарханға қояр алдында жасау.

ас үйден тыс: кеше алғаш рет көлігімді соқтым. 4 жылдық апат-оқиғасыз өткен көлік айдау тарихшама бұл күн қара күн боп асты сызылып жазылмақ. жүректің сыздағанына көнбей, көлікті СТОға қойып кеттім. Әйтеуір екі жақтың да аман қалғанына шүкір..

– 2 жұмыртқа
– көк пияз
– ақжелек
– лимон суы
– аздап тұз
– зәйтүн майы

Жұмыртқаларды пісіріңіз. Піскен жұмыртқаларды мұздай суға салып суытыңыз (сонда ғана жақсы аршылады). Ақжелек пен көкпиязды тұрап (майдаламаңыз), тұз + лимон суы + зәйтун майын қосып араластырыңыз. Жұмыртқаның ағын түрап қосыңыз. Ең соңынан сарысын қосып сәл араластырып, сервис жасаңыз.

п.с.: суретте көрінгендей, мен жұмыртқа сарысы мен ағын бірге қосып араластырған едім, нәтижесі оңша әдемі болмай қалды.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s