круасан

мендегілер дүкендегідей болып шықпаса да, хош иісті круасандарды жасап көруді сіздерге де ұсынып тұрмын. қатем, асығыс болып қамырды тоңазытқышқа аз уақытқа қойғаным болды деп ойлаймын.

– 450 гр ұн
– 8 гр құрғақ ашытқы
– 2 ас қасық қант
– 2 жұмыртқа
– 180 гр сары май
– тұз

ең алдыменен жарты стакан жылы суға ашытқы ашытыңыз. бөлек ыдыста ұнды елеп, 30 гр сарым май қосып араластырыңыз.

ұнға бір жұмыртқа + қант + тұз + көтерілген ашытқыны қосып араластырыңыз.

қолға жабыспайтын, жұмсақ қамыр илеңіз. 10 минуттай илеу керек ол үшін.

қалған майды 3-ке бөліңіз. Қамырды 0,5 см қалыңдықта жайып, суретте көрсетілгендей 3/1 бөлігіне май жағыңыз.

қамырдың май жағылмаған шетін майлы қамырдың жартысын жауып, оның үстін де майлы қамырдың қалған шетімен жабыңыз. үш қабатты қамыр шығуы керек.

қамырдың шеттерін нықтылап біріктіріңіз да, 90 градусқа бұрап қойып, қамырды қайта жайыңыз.

қамырды майлы қағаздың үстіне қойыңыз. үстінен тағы бір майлы қағазбен жауып, қамырды бүктеңіз да, үстін майлықпен жауып тоңазытқышқа 30 минутқа қойып қойыңыз.

қамырды қаттап-жаю процессін тағы 2 рет маймен, 3 рет майсыз қайталаңыз. соңында қамырды қайта 30 мин тоңазытқышқа қойыңыз. дайын қамырды жайып, бетін майлықпен жауып 10 минутқа жылы жерге қойыңыз.

қамырды екіге бөліп, әрбір бөлікті 7-8 үшбұрышқа тілімдеңіз. үшбұрыштарды круасан формасында ораңыз.

круасандардың бетіне жұмыртқа сарысын жағып тағы 10 минуттай жылы жерде ұстаңыз. Круасандарды 220С духовкада 20 минуттай пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Ұн тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s