балық сорпасы

1932 жылы үкіметтің ресми жарлығымен Совет республикаларының айтарлықтай бәрінде «бейсенбі – балық күні» деп аталған болатын. Бұған себеп – балық етінің дәмділігі мен бойға жұғымдылығы жағынан еттен кем түспейтіндігі. Сол кездің диетологтары дерлік барлық асхана мен басқа мекемелерінде бейсенбі күндері балық тағамдарын ғана жасатқызатын еді. Төмендегі сорпа бүгін бейсенбі болғаны үшін емес, балық сорпасының өте сіңімді болғаны үшін жасалынды. Күздің суық күндері басқа нәрсе қаламайды да екенсің..

– үлкен ақсерке басы
– 3 картоп
– 2 сәбіз
– 2 пияз
– 3 лавр жапырғы
– бүтіндей қара бұрыш
– 2 ас қасық томат
– тұз

Ақсерке балығын жуып, көзін ағызыңыз (ең қиыны). Салқын суға қойып, қайнатыңыз. Шыққан көбікті алыңыз. Тұздап (1 ас қасық шамасында), қара бұрыш пен лавр жапырағын қосыңыз. Кішігірім пияз бен сәбізді аршып, бүтіндей сорпаға қосыңыз. Бастың еті қызарып піскенге дейін жәй отта қайнатыңыз. Табада май қыздырып, пияз бен сәбізді тұрап қуырыңыз. Піскен басты, сәбіз, пияз және лавр жапырақтарын сорпадан сүзіп алыңыз. Сорпа азалса, қайнаған су қосып (тұз мөлшерін тексеріңіз), тұралған картоптарды, томатты және майға қуырылған сәбіз бен пиязды қосып қайнатыңыз. Бастың қызыл етін сүйектен ажыратып, етті қайта сорпаға салыңыз. Аскөкпен қоса сервис жасаңыз. Сорпаны қара нан не болмаса қытырлақ нанмен жеген дәмді. Ас болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Сорпалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s