пудинг

Пудинг тез әрі оңай жасалынатын десерт. Дәмі балмұздаққа келетіндіктен, пудингті әсіресе кішкентай балалар ұнатып жейді. Жасап көріңіз. (қант мөлшерін талғамға қарай өзгертіңіз)

– 1 литр сүт
– 5 ас қасық крахмал
– 1 стакан қант
– 2 пакет ванилин
– какао (мен карамельді соусты қостым)
– үгітілген жаңғақ / кокос ұнтағы

Какаодан басқаның бәрін жәй отқа қойып үнемі араластыра отырып пісіріңіз. Қоюланып қайнай бастаған кезде ванилин қосып, тағы 3 минуттай пісіріп астын өшіріңіз. Енді пудингті ыдыстарға толтырмай құйып шығыңыз да, үстінен молынан жаңғақ сеуіп шығыңыз. қалған пудингке какао не болмаса карамель қосып араластырыңыз да ыдыстарға толтырып құйыңыз. Үстінен қайта жаңғақ/кокос ұнтағын сеуіп тоңазытқышқа кем дегенде 2 сағатқа қойып қойыңыз. Қалауыңыз бойынша пудингтің үстіне шоколад ұнтағын да сеуіп қойсаңыз болады.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s