осыдан 2-3 ай бұрын сонау кореядан келген корей досымызды алматының корейлік ресторандарына апарып тамақтандырмақшы болғанбыз. корей тағамдарын қызық көргенімізді байқаған қонағымыз пакеттелген ottogi souce беріп, жасап көруімізді ұсынды. оны жасап көру бүгінге жазылған екен. карридің хош иісі бүткіл үйге жайылып, кореядан гөрі үндістанды есіме салды. үстіміздегі үнді көршілеріміз де бір марқайып қалған болар.
– 200 гр ет
– 2 картоп
– 1 сәбіз
– 2 тәтті бұрыш
– 1 орта пияз
– литр су
– оттоги карри соусы
Етті, картопты, бұрыш, пияз бен сәбізді орта үлкендікте тұраңыз. Алдыменен етті майға қуырып, оның үстіне пияз, содан кейін сәбіз бен қалған заттарды қойып қуырыңыз. Сәбіз жұмсара бастаған кезде қайнаған су құйып біраз қайнатыңыз. Отта жәйлатып, карри соус ұнтағын себелеп қойыңыз. жақсылап араластырып, астын көтеріп соус қоюланғанға дейін пісіріңіз. гарнирге күріш не болмаса макарон жақсы келеді.
п.с.: оттоги соусын азық-түлік корей магазиндерінен таба аласыз. ондай дүкендер темирязева-маркова көш. қиылысында, әйтеке би-желтоқсан көш қиылысында бар.