қара-қызыл түсті пицца

кәді құрамында белок, қант, майлар мен минералды тұздар бар. жас кәдінің іші тығыз, дәні жетілмеген болады – тағамға ең жарамдысы да сондайы. кәдіден жасалынатын тағам дегенде көбіне «тещин язык» салаты мен фаршталған кәді ғана ойымызға келеді; алайда кәдіден жасалынатын тағамдар алуан түрлі. Солардың ішінде төмендегідей пицца:

– 1 кәді
– 2 қызанақ
– шұжық
– ірімшік (таңдауым – «сметанковый» ірімшігі)
– кетчуп

– жарты стакан жылы су
– жарты ш.қ. құрғақ ашытқы
– 1 ш.қ. қант
– 100 гр сүт
– 2 толған қасық майонез
– 2 стакандай ұн
– 1 жұмыртқа

Қамыр үшін: жылы суға ашытқы мен қантты ерітіп қойыңыз. Ашытқы көтерілген кезде, оған жылы сүт пен майонез және жұмыртқа қосып араластырыңыз. Ұн қосып жұмсақ қамыр илеңіз. Үстін жауып 10 минутқа жылы жерге қойып қойыңыз.

Ірілеу кәдіні шамамен 1 см қалыңдықта доңгелектеп тұраңыз да екі жағын қызартып қуырыңыз. Қағаз майлыққа түсіріңіз. Қызанақты домалақтап тұраңыз. Шұжықты да домалақтап тұраңыз. Ірімшікті ірі үккіштен өткізіңіз (мен жұқалап тұрадым).

Көтерілген қамырды 20см шеңберінде жайып, майлы ыдысқа қойып, үстіне кетчуп жағыңыз. Қамырды пышақпен кей жерден тесіп шығыңыз (ашыған қамыр болған соң, қатты көтеріліп қалмасын). Енді пицца қамыры үстіне ірімшіктен басқасының бәрін қойып шығыңыз. 240-220С духовкада пісіріңіз. Піскенге 10 минут қалғанда ірімшікті сеуіп, соңына дейін пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Пиццалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s