қазақ-түрік кофесі

Бір кездері түріктер кофені шәйдан да көп ішетіні біреуге мәлім, біреуімізге беймәлім. Тіптен ‘kahvalti’ (таңғы ас) сөзінің түбірі де – кофе. Уақыт өте түрік кофені жасау сиректене бастаса да, кофе әлі де қонақжайлылық пен дәулеттілік белгісі болып саналады. Түрік кофе жайлы білу керек нәрселер: бұл кофенің ерекшелігі оның отқа пісуінде. Жақсы піскен кофенің көбігі көп болады. Кофенің жақсы көпіршектенуі үшін үлкен отта пісірілгені абзал.

Негізінде түрік кофені пісіру үшін арнайы ыдыс (жез турка) керек; бірақ та төмендегідей пісірілсе де айып болмас. Тағы да айта кететін нәрсе – түріктер сүтті не шәйға не болмаса кофеге қатпайды; төмендегі кофені қазақ-түрік дегенім де содан.

– «Үлкер» түрік кофесі
– қант
– сүт

«үлкер» түрік кофесін рамстордан табуға болады.

200гр сүтке 4-5 қасық кофе мен қант қойып, отқа қойып, араластырып қайнатыңыз.

қайнаған кезде кофенің бітіне қою көбік шығуы керек.

қайнап «піскен» кофенің көбігін қасықтап алып кеселерге қойған соң ғана кофе сұйығын құйыңыз. (түріктер кесенің түбінде қалған қалдыққа қарап тағдыр жоратын болатын)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Сусындар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to қазақ-түрік кофесі

  1. Ainameken айтады:

    Біздің үш қыз бар емес пе осында оқып жатқан. Солар келіп, палау үйренейікші деді, сосын бәріміз жабылып, палау басқанбыз :D. Сол кезде осы кофені жасап бердім. Әрине, алдын-ала өзім жасап, дәмін көріп алғанмын 2-3 ай бұрын :). Қызық, қазір мен шай мен кофе іше алмайтын болып барам

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s