кобра немесе аджика тамаққа қосқанға және жеке бөлек тағам ретінде де жақсы. мөлшерді шамалап беріп тұрмын; ащтылауын жақсы көргендер ащты бұрыш мөлшерін арттырсын.
– 5 кг қызанақ
– 5 тал ащты бұрыш
– бүтін 1 сарымсақ
– 2,5 кг тәтті бұрыш
– тұз
қызанақтарды еттартқыштан өткізіп 30 минуттай қайнатыңыз. Бұрыштарды да еттартқыштан өткізіңіз. Сарымсақты езіп, бұрыштармен бірге қызанаққа қосып қайнатыңыз. Тұздаңыз. Қалауыңыз бойынша көксөк қосып пісіріңіз.