кәді рулеті

Бұл рулетті берекелі ораза кезінде бір танысымның ауызашарында көріп жазып алған болатынмын. Жасалынуы оңай, тойымды әрі әдемі тағам түрі. Үйдегілер жоғары бағалап ұнатқаның да айта кету керекті.

– 3 үлкен кәді
– 1 қызыл бұрыш
– 1 жартылай ащты бұрыш
– 3 қызанақ
– 2 ас қасық томат пастасы
– тұз, бұрыш, сарымсақ
– 300 гр фарш
– 1 жұмыртқа
– нан жұмсағы

Кәділерді 1 см қалындықта тұрап, майға қуырыңыз. Кәдіні алдын ала тұздау қерек емес.

Ет фаршын 1-2 тілім нан жұмсағымен, жұмыртқа мен тұз + қара бұрышпен араластырыңыз. Жаңғақ үлкендігінде котлет жасаңыз.

Ыстыққа шыдамды ыдысыңызға қуырылған кәді тілімі – котлет – кәді кезегімен рулет тізіңіз.

Жартылай ащты және тәтті бұрыштарды және қызанақтарды ұзанша тұрап, суреттегідей тізіңіз.

Енді 2 қасық томат пастасын бір стакан сумен араластырып, рулеттің үстіне біркелкі төгіңіз. Соус тағамның ортасынан көп, бірақ та толық жаппауы керек.

Духовканы 200С-қа қойып, кәді рулеттін үсті қызарып, суы тартылғанға дейін пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Ыстық тамақ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s