өзбек самсасы

Бұрындары http://aspazdik.blogspot.com/2007/12/blog-post_06.html адресінде самса дайындаудың рецептін берген болатынмын. Сол самсалардың мастер-классын төменде ұсынып тұрмын. Ігілігіңізге.

ұнға 1 жұмыртқа мен 100-150 грдай май қосып қамыр илеңіз. Қамыр қатты сұйық та емес, тым қатты да болмауы керек.

1 см қалындықта жайыңыз. (менікінен әдемілеу жаятыныңызға сенімдімін) Жайылған қамырды сары маймен майлап рулет формасында ораңыз. Рулетті екіге бөліп тоңазатқышқа қойыңыз. 20 минутқа.

қамыр тоңазатқышта тұрған кезде, пиязды тұрап фарш дайындаңыз. Самсаларға пияздың ірілеп тұралғаны жақсы, әсіресе құйрық май қосылмайтын болса.

Фаршты пияз, қара бұрыш, қызыл бұрыш (қалауыңыз бойынша басқа да тұздықтар) қосып араластырыңыз. Құйрық май қосылса жақсы.

Қамырды тоңазатқыштан алып, 1,5 см қалындықта кесіп, кесілген әрбір дөңгелекті жайыңыз. Қатты жұқа да емес, қатты қалың да емес.

Жайылған домалақтарға 1-1,5 қасық фарштан қойыңыз.

Самса формасын беріп ораңыз. Немесе қалаған формада жасасаңыз да болады. Менікілердің жартысы «жарты ай» формасында болды.

Духовка табағына қорғасын қағазын төсеп, соның үстіне оралған самсаларды тізіңіз да, үстіне жұмыртқаның сарысын жағып, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s