Гүлназдың салаты

Рамазанда ремонт салдарынан ешқандай тағам жасай алмай, ешқандай рецепт жаза алмай жүрдім. Енді сол бір ай бойы көрген-ұнатқан рецепттерді жасап, аспаздық беттеріне жазып тұрайын дедім. Мысалға төмендегі салатты Гүлназ сұлудың ауызашарынан ауыз тиып ұнатқан болатынмын. Өткенде телефон соғып рецептін сұрап, өзім де жасап көрдім.

– 3 кәді
– 4 қызанақ (сары мен қызыл черри қызанақ қолдандым)
– 2 жартылай ащты бұрыш
– 2 ас қасық соя соуысы
– кинза
– петрушка

Кәділерді ұзынша етіп тұраңыз да, тұзды суға ұстап, кептіріңіз да, жартылай қуырыңыз. Ұзынша немесе майдалап тұралған бұрыштарды қосыңыз да әрі қарай қуырыңыз. Соя соуысын қосып, көп дегенде 5 минут қуырып отты өшіріңіз. Қызанақтарды да мүмкін болғанша ұзынша етіп тұраңыз да, кәділерге қосыңыз. Майдалап тұралған петрушка мен кинзаны да қосып сервис жасаңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s