мастер-класс: сүзбелі пирог

Айттарыңыз қабыл болсын! Осы мерекелік күндері үйлеріңіз шаттық пен бақытқа толсын!

Әйтеуір дегенде үйдегі ремонт бітіп, отбасымызбен үйімізге көштік. Ремонт 100% ойлағанымыздай шықпаса да, кемшіліктерді кейін көре, былай жасалынғанда жақсырақ болар ме еді деген ой тудырса да, көптеген өзгерістер көңілімізден шықты. Сол өзгерістердің қатарында да өзім таңдап жүріп алған Bosch газ пеші!

Жақында тұрмыс құрған досымның сұрауы бойынша, бұйырса бүгіннен бастап, тағамдарды даярлаудың бейне мастер-классын жазып тұрамын. Әр тағамдікін болмаса да, кейбіреуін жасап тұрып қадам-қадам суретке түсіріп тұруға тырысамын. Кеше, ораза айттың бірінші күнінде, жаңа пешімде пісірген жоғарыдағыдай сүзбелі пирогтан бастайын. Пирогты Байсапарова Жанна құрбымның ауызашарында көріп, жақсы көріп, құда түскен болатынмн. Жаннаға осындай дәмді, оңай және тез жасалынатын пирог үшін үлкен рахмет!

– 1 жұмыртқа
– 100 гр қаймақ
– 100 гр майонез
– жарты ш.қ разрыхлитель
– 4 толған ас қасық ұн
– 4 ас қасық қант

– 1 жұмыртқа
– 250 гр сүзбе
– 4 ас қасық қант

Жұмыртқа, қант, майонез және қаймақты араластырыңыз. Араластырғанға электр емес қол миксерін қолдансаңыз болады.

Ұнды елеңіз да, аз аздап 4 қасықты қоспаға қосыңыз, артынан разрыхлительді да қосыңыз.

бәрін жақсылап араластырыңыз

қоспаны алдын ала сары маймен майланған ыдысқа тегістеп төгіңіз.

Бөлек ыдыста жұмыртқа, сүзбе мен қантты араластырыңыз. Қант толық еріуі керек.

енді сүзбелі қоспаны негізгі қамырдың үстіне дәл ортасына төгіңіз. Сүзбелі қоспаны қамырдың шеттеріне жақындатпай төгіңіз.

220С алдын ала қыздырылған духовкаға қойып үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

міне осындай үлкен ватрушка тәрізді пирог шығады. өте дәмді! піскен пирогты жақсылап суытып қана ыдысынан шығарыңыз.

ps: Пирог жасалынған ыдыс – Америкада тұратын Дина қыздың сонау Құрама Штаттарынан әкелген сыйлығы. Селиконды ыдыс. Пирог басқа ыдыста жасалынса да болады әрине.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Тәтті бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s