ашыған айраннан оладьи

Көбіне таңғы ас ішпеймін да жасамаймын да: онсыз да үнемі жұмысқа кешігіп жүретінім бар. Бірақ сенбі күндері еркеше. Жұма күннің кешінен ертеңіне жасайтындарымды жоспарлап, үйдегілер оянбай тұрып ас үйге асығамын. Негізі бүгінгі сенбілік таңғы асымызға рулет тәрізді бір нәрсе жасамақшы едім басында, бірақ көптен тұрып ашыған айран көзіме ілініп, одан ары сақтауға келмейтін айранды утилизациялау ниетімен төмендегідей оладьи жасалынды. Үйдегілер де риза, мен де риза. Екі құсты бір оқпен дегендей.

Оладьиның пиязды түрі мына жерде.

– 2 стакан ашыған айран
– 1 стакан қайнаған су
– 2 жұмыртқа
– 6 ас қасық қант
– аздап қана тұз (айранның өзі де тұзды)
– ұн
– 1 шәй қасық сода

Айранға су қосып араластырыңыз. Жұмыртқа мен қант қосыңыз. Араластырыңыз. Тұз қосыңыз. Енді негізгі қоспаны араластыра отырып, жәймен ұн қосыңыз. Қамырыңыз қатты сұйық емес, қою қаймақ тәрізді болуы керек. Соданы бірден қоя салмай себелеп қосыңыз. Сонда сода біркелкі етіп қосылады. Таба ішінде майды қыздырып, ас қасықпен оладьи қамырын құйып екі жағын ауыстырып пісіріңіз. Керек кезде май қосып тұрыңыз. Піскен оладьилерді алдыменен қағаз майлық үстіне түсіріңіз (артық майын алу үшін).

п.с.: Мен інімдердің үйін есепке алып жасағаным үшін, көп қып жасадым (110 оладьи!). Кісі саны аз болса мөлшерді азайтыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to ашыған айраннан оладьи

  1. Nurgul айтады:

    Retseptiniz uwin rahmet ablacim! Jasadim jaksi bop wikti

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s