тәтті сүттен маффиндер

Қандай да болсын маффин жасау оңай, бірақ төмендегі маффиндер осы күнге дейін жасағандарым арасында ЕҢ оңайы. Керек заттар жағынан да өте тиымды, қамыры жұп-жұмсақ, қант мөлшері орта.

– 1 банка тәтті сүт (сгущенка)
– 2 жұмыртқа
– 100 гр қаймақ (немесе айран)
– 50 гр үгітілген печенье (қоспасаңыз да болады)
– 5 ас қасық ұн
– 1 ш.қ. разрыхлитель

Жұмыртқаларды жақсылап миксерлеңіз. Қаймақ немесе айран қосып араластырыңыз да 1 банка тәтті сүтті алдын ала қайнатпай
қосыңыз да бәрін жақсылап араластырыңыз. Ұн ме разрыхлитель қосыңыз да бір-екі араластырып, маффин ыдысында 200С ыстыққа қойып 20-25 минут пісіріңіз. Маффиндер толығымен суыған кезде ғана сервис жасаңыз.

айтпақшыдай, Алмарасан жақта халал «жамағат» кемпингі ашылды. Негізі, ашылғандарына бір талай болды, жазуға мүмкіндік таппай жүрдім. Өткен жексенбі де сол жерде болдық – тамаша жер. Ең маңыздысы – барлық жағынан таза: тамағы, жері, киіз үйлері. біліп жүріңіз. Бір топ болып келетін болсаңыздар алдын ала +77004901057 (Жомарт) арқылы хабарлап қойыңыз. Ұмытпай айта кетейін – шашлыктары өте дәмді!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: маффиндер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s