бұрыш пен қызанақ қосылған жұмыртқа

Астаналықтар ел астанасының 10 жылдық мерейтойына орай көшеге шығып, әртүрлі концерт пен ұйымдастырылған қызықты шараларға қатысса, алматылықтар да 3 күндік демалысты үйде отырып өткізгісі келмей, көбісі қала сыртына шықты. Біз солардың қатарындамыз: демалыс күндерімізді Қырғызстанның көркем Ыстық Көлінде өткізіп демалып қайттық. суреттер фотосуретте.

ол жақта суға кіріп, күнге күйіп жүрсек те Астананың тұған күнін ұмытпадық. Оны өз бетімізше құттықтадық. Өркене бер, Астана!

Ыстық көлде қырғыздардың ең танымал «ош палауын» жеп көрдік. Бұйырса, палау ертең ілінеді. Ал, әзірге – тәтті бұрыш пен қызанақ қосылған жұмыртқа – өте тойымды таңғы ас ұсынамын

майды қыздырып, төртбұрыштап тұралған пиязды қуырыңыз. Пиязға төртбұрыштап тұралған бұрыш қосып, тағы сәл қуырып алып, 2 қызанақты да төртбұрыштап тұрап қосыңыз. Тұздап, қалаған аскөк қосыңыз. Қызанақтар жұмсарып пісебергенде, табаның ішіне 4 жұмыртқа «шақ» етіп, жұмыртқа толық піскенге дейін жәй отта пісіріңіз. Жұмыртқалардың сары емес, ағымен оралған болып пісуі үшін, табаның үстін жауып пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s