еріншектің ватрушкалары

дайын фотоларға басқаша сән беретін қызық сайт таптым. сол жерде мынандай нәрсе жасадым. содан, сайттың мүмкіндіктеріне қызығып, түрлендіру мақсатымен қолда бар суреттерді қайта қарап шыққанымда, ескі суреттер арасынан төмендегі ватрушкалар көзге ілінді. Оларды жасағаныма міне бір аптадай боп қалды. Аспаздыққа ілуді болса, әдеттегідей, ұмытып кетіппін. рецепт жеңіл болғанымен – қызық: кішкентай бүлдіршіндермен бірге жасағанға өте ыңғайлы.

– 125 гр сүзбе
– 25 дайын сушка (тоқаш)
– 1 жұмыртқа
– 2 қасық қант
– сүт

Сушкаларды сүтке жібітіңіз. Екі жағы да жұмсарып қалғанда, арнайы қағаз үстіне тізіңіз. Сүзбе + жұмыртқа + қант араластырыңыз. Енді осы қоспаны сушкалардың тесігіне қасықтап толтырып қойыңыз. 180С духовкада, сушкалар сәл қызарыңқырап, сүзбе көтерілген кезде астын өшіріңіз. Жұмсақ, дәмді кішкентай ватрушкаларыңыз дайын! Үйдегілерге ватрушка қамыры сушка екенін өзіңіз айтып қалмасаңыз, өздері ойлап таппайтынына нық сенімдімін. =)

п.с.: Бүгінгі қасиетті түнді ылайықты түрде өткізуіңізге тілектеспін. Жасаған әр ізгі амалыңызға Жаратқан сауабынан жазсын..

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s