бұл тағамды алғаш Гүлфиянікінде көрдім. Көрген сәттен ұнаттым. Басқалардың да ұнатуын қалап, мүмкіндік түскен сәтте рецепт жазып қана қоймай, жасап та көрдім. нәтижеде.. Кішкентай кезімізде қолымыздағы кәмпиттен досымыздың кәмпиті тәттерек болып көрінетін, тура сол сияқты – ірімшік қосылған макарондарымды үйдегілер ұнатып «дәмді болды» десе де, Гүлфиянікіндей дәмді шықпай қалғанын мен ғана біліп тұрдым.
– Сұлтан макарондары
– 75 гр сары май
– 1 стакан брынза
– 2 стакан сүт
– 3 жұмыртқа
– тұз, бұрыш
Макарондарды суға жартылай пісіріп алыңыз. Макарондар пісіп тұрғанда, сүт пен жұмыртқаларды араластырыңыз. Бөлек ыдыста брынзаны үккіштен өткізіңіз. Сары майды ерітіңіз. Енді, макарондарды ыстыққа шыдамды ыдысқа түсіріп алыңыз, маймен араластырыңыз. Брынзаны себелеңіз да сүт қоспасын құйып, 180С духовкада пісіріңіз.
п.с.: менің ойымша, макарондарға жүгері қосылса дәмі нығая түсетін сияқты.