гректердің салаты

«жаңа рецепт қоспағалы талай уақыт болды» сөзімен басталыпты соңғы жазуларымның көбі. өкініштісі – бұл жолы да тура солай бастамақшымын. Иә, жаңа рецепт қоспағалы талай уақыт өтті.. осы уақыт ішінде БАО (Алматының үлкен көліне) 4км-дей жаяу көтеріліп-түссем де, Бишкекке «түскі асқа» барып қайтсам да, 250 км сияқты ойламаған қашықтықты Кеген жолында ассам да.. күніге кешкісін бөлмеде тұрған компьютерді ашып, жаңа рецепт қосуға қажетті, бар жоғы 5 қадамды жасай алмай күндердің зымырауымен міне бүгінге де жетіп қалдық. шүкір..

Бүгін бөліскелі тұрған салат сөзсіз баршаңызға мәлім. Өйткені кішігірім ресторан, кафелердің өзінде бұл салат бұрыннан меню беттерінде тұрақталған. Бұл салат өзінің жаздық рухымен және ыстық күндерде аса қажетті жеңілдігімен ұнайды.

– қызанақ
– брынза
– салат жапырақтары
– қияр
– сүйексіз қара зәйтун
– зәйтун майы

Бәрін ірілеп тұрап (кейбіреулер тағы тәтті қызыл/сары бұрыш қосады. талғамға қарай), тұздамай (!) зәйтун маймен араластырып сервис жасаңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s