Асхатқа алғысымды қалай білдірерімді білмей біраз ойландым. сосын ең жақсысы қарапайым болып көрінсе де, бар жүректен үлкен рахмет айту шығар дедім. Чех тағамдар кітабын сонау шетелден алып келгенің үшін, жарты жылдан астам ол кітапты жоғалтпай сақтағаның үшін, мүмкіндік туып ол кітапты Бахытгүл арқылы жеткізгенің үшін.. үлкееееен РАХМЕТ саған, Асхат! Төмендегі рецептті сол кітаптан көріп жасадым.
Рецепт үйдегілерге ұнады – жақсы болғанының мен үшін ең басты көрсеткіші. Майды көп жақпағаным үшін қамыр сынғыш болып пісті, басқаның бәрі ойдағыдай.
– 150 гр ұн
– 60 гр ыстық су
– аздап тұз
– 1 ш.қ. лимон шырыны
– 60 гр сары май
– 50 гр мейіз
– 4-5 алма
– 30 гр печенье ұнтағы
– корица
– қант пудрасы
Ұнды елеңіз. Суға тұз, лимон шырыны және 2 ас қасық еріген май қосыңыз. Жұмсақ қамыр илеңіз. Алмаларды аршып, жұқалап тұраңыз. Мейіздерді суда жібітіп алмаларға қосыңыз. Қамырда өте жұқа етіп жайыңыз. үстін майлап, печенье ұнтағын сеуіп, алма мен мейіздерді тізіңіз. екі шетін бүгіп, рулет етіп ораңыз. Арнайы қағаз төселген ыдысқа штруделді қойып үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Дайын штрудельдің үстіне қант пудрасын себіңіз.
п.с.: штрудельдің қасына бір қасық балмұздақ қойып сервис жасауыңызға болады.