қаттама печенье

Көп болды жазбағалы.. қорқыныштысы да осы уақыт ішінде аспаздықты сағынбауым (*sad*). уақыт көрсетер алда не боларын.. ал, әзірге төмендегідей печенье ұсынамын.

– 250 гр сүзбе
– 1 стакан ұн
– 200 гр сары май
– жарты стакан қант пудрасы

– қант
– жұмыртқа ағы

Май мен сүзбені араластырыңыз. Ұн мен қант қосыңыз. Жұмсақ қамыр илеңіз. Жаңғақ үлкендігінде қамырларға бөліп, әр қамырды қолмен жұқалап, бір жағын қантқа батырыңыз. Қантты жағынан екіге бүктеп, қайтадан қантқа батырып, қайта қаттаңыз. Шыққан ұшбұрыштардың үстіне жұмыртқа ағын жағып, 160С ыстықта пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру