қуырылған варениктер

Аль-Фараби көшесінің жоғарысында орналасқан «уйгуркаларда» жасалынатын қуырылған мантыға қатты қызуғышылығым бар: мантыларды алдыменен пісіреді ма, қуырады ма? мантылар қалайша өзінің жұмсақтығын сақтайды.. өзім эксперимент жасап көруге батылым бармады әзірге. Бірақ кеше, өткен демалыста көптеп орап, тоңазатқышта сақтап қойған картопты варениктерді қуырып көрейін дедім. Мммм, дәмді болды. Дәмі түріктердің «сигара бөрегіне» ұқсайды, ал түрі – қытай/дунган тамақтарына. керемет.

– 700 гр ұн
– 1 1/2 стакан жылы су
– 2 жұмыртқа
– 1 ас қасық сары май
– тұз

– 5-6 картоп
– қуырылған пияз
– тұз, қара бұрыш
– аскөк
– аздап сүт
– 25 гр сары май

Ұнға жұмыртқа, су, тұз бен сары май қосып қамыр илеңіз. Қамырдың бетін жауып 30 минутқа қойып қойыңыз. Картоптарды аршып суға пісіріңіз. Су тартылайын дегенде сүт қосыңыз да картопты жақсылап езіңіз. Пюре болуы керек. Май қосыңыз. Тұз бен қара бұрыш қосыңыз. Қалауыңызша аскөктен де қосыңыз. Енді қамырды 1 см қалындықта жайып, 3 см шеңберінде домалақтар жасаңыз. Әр қайсысының ішіне картоптан қойып, «жарты ай» формасында ораңыз. Жақсы қызған майға екі жағын қызартып бауырсақ қуырғандай қуырыңыз.

п.с.: осы мөлшермен 7-8 кісілік вареник шығады. Егер аз адамға жасар болсаңыз, мөлшерді азайтыңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s