– 1 жұмыртқа ағы
– 3 стакан ұн
– 1 стакан айран
– 125 гр сары май
– тұз
– разрыхлитель
ішіне:
– 200 гр сүзбе
– майдалап тұралған аскөк (укроп)
Ұнға кезек кезегімен жұмыртқа, айран, ерітілген сары май, тұз және разрыхлительді қосыңыз. Барлық заттар бөлме температурасында болуы тиіс. Жұмсақ қамыр илеңіз. 30 минутқа жылы жерге қойып қойыңыз. Сүзбені майдалап тұралған аскөкпен араластырыңыз. Қамырдан майда домалақтар жасап, ішіне сүзбе қойып, шетін бүгіңіз да үстіне жұмыртқа сарысын жағыңыз. Қамыр «өзіне келгенше» тағы 5-10 минут үстін жауып қойыңыз. Алдын ала қыздырылған духовкада бәліштердің үстін қызартып пісіріңіз.