құлпынай торты

Уақыттың зымырағанынай.. кеше ғана Дина АҚШтан Алматыға қыдырып келіп, кеше ғана оның кішкентай Әміріне «ути-пути» деп отырған сияқты едік.. мәссаған, сол күннен бұл күнге 1 емес, 4 (!) жыл өтті да кетті.. Бүгін тәтті Әмір мен кішкентай қарындасы Мариям апа-әжесінің қасына қыдырып келіп, атамекенің сағынып келген мамаларымен кездесуімізге мүмкіндік туғызды. Түннің бір уақытысына дейін сөйлесіп, Америка-Қазақстан айырмашылықтарын талқылап, сырласып отырдық. Расында да… уақыттың ағымын өзімізден кейінгілердің ержетуінен ғана байқайды екенбіз. Әйтпесе, қатты арықтағаны болмаса, Дина сол баяғы тарқылдақ, күлегеш Дина екен..

Динаға барар алдында, бір танысымның үйінен шәй ішіп, дастарханынан дәм татып шыққан болатынмын. Сол үйдің сарқыты – «құлпынай тортымен» бөліспекшімін бүгін..

– 280 гр ұн
– 90 гр сары май
– 1 стакан қант
– 2 жұмыртқа
– разрыхлитель
– 1 стакан суық су

крем үшін:
– 750 гр сүт
– 1 жұмыртқа
– 1 ас қасық сары май
– 3 ас қасық ұн
– 1 стакан қант
– ванилин

Алдыменен ұн мен сары майды араластырыңыз. Қалған заттарды да қосып, қамыр илеңіз. Майланған ыдысқа төсеп, 170С пісіріңіз. Торттың асты піскенге дейін, крем үшін көрсетілген заттардың бәрін араластырып, баяу жанған отқа қойып, ұдайы араластыра отырып, қою крем пісіріңіз. Піскен торттың үстіне крем жағып, құлпынаймен сәндеңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s