Бүгін отбасымызбен пикникке шықтық.. енді кем дегенде 1 ай шашлыкты көргім да, жегім да келмейді – ондай көп етті көрген емеспін! Арнайы осы пикник үшін шпинаттан торт жасап бардым. Торттың шпинаттан екенің ешкімге айтпадым, жасыл түстің неден екенің де ешкім біле алмады :) Кетерде ғана айтып, таң қалдырдым.
Бұрын жасаған торттарымнан да байқағаныңыздай, торт безендіруді жөнді жасай алмаймын, бұл жолы да торт таңғы 7лерде жасалынғаны үшін тым асығыс болып безендіру ісін минимумға түсірдім.
– 3 жұмыртқа
– 1 стакан қант
– жарты стакан сұйық май
– 1 ш.қ. ванилин
– 2 стакан ұн
– разрыхлитель
– жарты стакан шпинат пюресі
крем үшін:
– 1 банка тәтті сүт
– 200 гр сары май
– шоколад талшығы
(торттың жасыл түсін көрсететін еш сурет түсіре алмадым. Дастарханда қалған бір тілімді ғана түсіріп үлгердім)
Жұмыртқа мен қантты жақсылап миксерлеңіз. Май мен ванилинді қосыңыз. Егер консервіленген шпинатты қолданатын болсаңыз, 200 гр шпинаттан блендер ішінде пюре жасаңыз. Егер де шпинат жапырақтарын қолдансаңыз, пюре жасамас бұрын жапырақтарды алдыменен жуып, бұрқ етіп бір рет қайнатып алуыңыз керек. Дайын шпинат пюресін жұмыртқа қоспасына қосыңыз. Бәрін араластырып, еленген ұн мен разрыхлительді қосыңыз да, енді миксермен емес «венчикпен» араластырыңыз. Майлы + аз ұн себілген ыдысқа құйып, 180С 45-50 минут пісіріңіз. Піскен тортты суытыңыз. Суыған кезде ортасынан өткір пышақпен екіге бөліңіз. Тәтті сүтті жұмсарған маймен миксерлеңіз да, торттың ортасына, үстіне және жақтарына жағыңыз. Үстін қалауыңызша безендіріңіз.
біраз болды, кішкене мүмкіндігім болмай, мұнда кіре алмағаныма. сондай сағындым!!! )))
жасыл торт тамаша екен. туу, өткенде шпинатым бұзылмаса екен деп, әрнәрсеге бір қосып, берекем кетіп еді ))). енді қорықпай ала беретін болдым. әрі қазір менде миксер де бар ))). Түрік қызы Зейнеп сыйлады. АРБ оған! сол миксер келген соң, бірден жасап көрдім. блендердің орнына да соны қолдандым. жұмсақ болған соң, қиындықтар болмады. екі адамға да көптік етпейтін торт екен ))). АЛЛА қаласа, енді жерлес қыздарды қонаққа шақырамыз ғой, соған және ағылшын тілі курсына да пісіріп апарсам ба деп ойлаймын ))) ИНШАЛЛА. АРБ!!! )))
маш! өте busy сияқтысың ғой! дайым солай болсын!