қалта ішінде бүтіндей тауық

Бүтіндей тауықты духовкада алғаш пісіруім. Негізі жарнама, кинолардан тауықтың осылай пісірілетінін көріп қызығатынмын, бірақ бүтіндей пісірілетіндігінен тауық піспей қалады ма деп жасап көруге батылым бармайтын. Дүкендердің бірінде тауық пен етті бүтіндей пісіруге арналған қалтаны (ор. рукав для выпекания) көргенге дейін. Осылайша үйдегі тауық пен сатып алынған қалта көптен ойлағанымды жүзеге асыруға үлкен «септігін» тигізген болды. гы-гы.

Құр тауықты (аля гриль) пісіргенімде де болар еді негізі, бірақ көкөністермен пісіруді жөн көріп, картоп, тәтті бұрыш т.б тауықтың айналасына ғана емес, ішіне де қойып тастаған едім. Кейіннен, соңғының (тауықтың ішіне қойғаным) бекер болғаның түсіндім. Өйткені, тауықтың қасындағы картоптар, ішіндегі картоптардан ерте пісіп, ішіндегілердің де пісуі үшін тауықты духовкада қосымша уақыт ұстағанымнан көкөністер аздап езілетіндей болды. Ендігіде, көкөністі тек ішіне не болса тек сыртына салуым керек екенін ұйғардым. Ал, жалпы қалта ішінде тауық расында да тез әрі «аз калорийді» болып піседі екен. Кешкі асты пісіруге уақыт тығыз болған кезде осындай қалта кәдімгідей көмектеседі. Өте ыңғайлы.

– бүтіндей тауық
– 2 сәбіз
– 2 тәтті бұрыш
– 3 катоп
– 2 пияз
– жарты банка көк бұршақ
– 2 ас қасық сұйық май
– 2 түйір сарымсақ
– лимон суы
– 1 ас қасық томат
– қызыл мен қара бұрыш
– тұз
– 1 ш.қ. майонез

Тауықты жақсылап жуып, барлық жағына тиетіндей лимон суын жағып тастаңыз. Картоп және басқа да көкөністерді + сарымсақты ірілеп тұраңыз. Май, томат және қызыл мен қара бұрыш, тұзды қосып араластырыңыз. Бәрін жақсылап араластырып, арнайы қалтаның ішіне салыңыз да, қалтаның екі жақ ауызын суреттегідей нықтап бекітіңіз. 200С духовкада 45 минут пісіріп, тауықты қалтадан шығарып, үстіне майонез жағып, қайта 10 минуттай пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to қалта ішінде бүтіндей тауық

  1. Айжан айтады:

    ммм өте дәмді көрінеді екен! уақыт болғанда, жасап көру керек екен:)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s