жүгері ұннан печенье

Бүгін компаниямыз наурыз тойлауда. Иә, дәл солай -> н-а-у-р-ы-з! сәуірдің басына жоспарланған тимбилдинг, ауа-райының өзгеріп тұруына байланысты ауыса-ауыса осы күнге жетті. «Табаған» демалыс орнында демалып, күліп-ойнап.. енді міне шаршап отырған жайымыз бар. Демалыс күнімізді алмай, тимбилдингті жұмыс күнінде жасағандары сондай жақсы – алда 3 күндік демалыс!

Жоғарыдағы печеньелер ертең қонақ күтетін әпкемнің дастарханына қосқан үлесім. Басында бұрын жасағандарымнан бір нәрселер жасамақшы едім, сосын бірнеше апта бұрын алынған жүгері ұным есіме түсті да.. содан, «жақсы болмай қалса, әпкеме басқа бір нәрсе жасармын» деп ойымдағыны пісірдім. Печенье күткенімнен де жақсы шықты – жұмсақ, аз қантты, шоколадпен жақсы үйлесімде.. Енді, жүгері ұнын қосып маффин жасау ойым бар.. сосын тағы бір нәрселер – алда 3 күндік демалыс!

– 300 гр жүгері ұны
– 200 гр ұн
– разрыхлитель
– 150 гр қант
– 200 гр жұмсарған сары май
– 3 жұмыртқа сарысы
– илегенге крахмал
– кокос талшығы
– майдаланған жаңғақ
– 50 гр қара шоколад
– 1 ас қасық сүт
– 4 ас қасық шоколад соусы

Май мен қантты миксерлеңіз. Жұмыртқа сарысын қосып араластырыңыз. Ұн + разрыхлитель + жүгері ұнын елеп қосыңыз. Крахмалды қосып тұрып жұмсақ қамыр илеңіз. Дайын қамырды 1 см қалындықта жайыңыз да (негізі, оқтаумен жаюға келмейтіндей жұмсақ болады қамыр, сол үшін қамырдан аз аздан алып қолмен керек қалындыққа жұқалаңыз). Шырын ішіге арналған әйнек стаканның ауызымен қамырдан домалақтар кесіңіз. Арнайы қағазға тізіп, үстіне жұмыртқа ағын жағып, 180С үсті сәл ғана қызарғанға дейін пісіріңіз. Суытыңыз.

Шоколадқа сүт қосып микротолқынды пеште ерітіңіз (көп ұстап күйдіріп жібермеңіз). Шоколад соусын қосып, жақсылап араластырыңыз. Жаңғақты майдалаңыз. Печеньелердің шеттерін алдыменен шоколадқа, кейін жаңғаққа, сосын кокос талшығына батырыңыз. Немесе, печеньенің үстіне бір шәй қасықтай шоколад жағып, жаңғақ пен кокос талшығына батырыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s