алмалы печенье

Печенье сүйікті печеньелерім қатарына енгізілді. Өте ұнады.

Алмалы печеньелерді бұрындары да жасайтын едім, бұл жолы формасын (сопақтан домалаққа) және ішіне қойған заттарды (алмаға қосымша ретінде мейіз бен жаңғақ қостым) өзгерттім. печеньнің басқа варианті үшін мына рецептті қараңыз.

– 3 стакан ұн
– 50 гр сары май
– 50 гр сұйық май
– жарты лимон суы
– разрыхлитель
– ванилин
– 2 ірі алма
– жаңғақ
– аралас сары мен қара мейіз
– корица
– 80 гр қант
– қант пудрасы

Алмаларды аршып, үккіштен өткізіңіз да, мейіздер мен жаңғақ және қантпен араластырып, баяу отқа қойып пісіріңіз. Алмалар жұмсара піскен кезде отты өшіріп, суытыңыз.

Ұнды елеңіз. Май + лимон суы + разрыхлитель + ванилин қосып, орта «қаттылықта» қамыр илеңіз. 10-15 минутқа үстін жауып қойыңыз. Қамырды жайып, кесені теріс аударып қамырдан домалақтар кесіңіз. Жұп сан болуы керек. Бір домалақтың ішіне піскен алма қоспасынан қойып, екінші домалақпен үстін жауып, шеттерін бастырыңыз. Арнайы қағазға тізіп, үстін қызартпай пісіріңіз. Піскен печенье үстіне қол елекпен қант пудрасын себіңіз. Ыстықтай да, салқындатып та сервис жасалына береді.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s