үйдің поп-корны

Сәуірдің орталарында дос қызбен Атакентте өткен Food Week көрмесіне барып қайтқан болатынбыз. Отандық азық-түлік өнеркәсібінің майталмандарының жетістіктері мен өнімдерімен танысып, көптеген жаңа (бұрын естімеген) өндірісшілермен таныстым. Таңқалдырғандар қатарында «Нәзік» фирмасының стенді болды, ондағы домбыра формасында жасалынған торт, «Немоны іздеу» мультфильмнің кейіпкерлерін айнытпай келтірген тортқа аса қатты ғажаптандым.

Көрмеден шыға берісінде поп-корн жүгерісіңің шикізатын, оны пісіру сайманын және дайын өніммен сауда жасайтын өндірісші фирманы көрдік. Дайын поп-корн алғанша үйден жасау қызықтырақ болар деп, көрмеден шикі жүгеріні ала қайттық.

Сатушы қыз «1 стакан жүгеріні 2 ас қасық маймен араластырып, қазан ішінде пісіріңіз» дегенің қайдам, бұл әдіспен пісуге қойған жүгерім поп-корн болмақ түгіл, қазанның түбінен 1 мм көтерілмдеді. Бір американ киносынан попкорнды микротолқынды пеште пісіретіндерін көргенім есіме түсіп, жүгеріні пештің қатты қызуына қойып пісірдім. Қантпен араластырып қойғаным үшін, қатты ыстықта қант еріп, табақтың түбіне жабысты да қалды. Осылайша қантты дайын попкорнға ғана араластыру керегін үйренген болдым. Қайткен күнде, нәтижесінде шыққан попкорн көңілімнен шықты дей аламын.

fyi: 1 кг шикі жүгері – 200 тг тұрса, дайын попкорның 1 пакеті – кем дегенде 50 тг сатылатын болса; 1 кг жүгеріден кем дегенде 40 пакет дайын жүгері шықса… аз шығынды жақсы табыс көзі бола алатын өндіріс екеніне көз жеткізіп санап көріңіз. қызыққандарыңыз болса, өндірісшінің телефондарын беріп тұрмын (упс, визитка қасымда жоқ болып шықты – ертеңнен кешіктірмей берермін)

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s