ақ пен қара ниет

Бұл печеньені жұмыстағы бір қызға жасаған болатынмын. себеп: кеше онымен бір мәселе жайлы әңгімелесе отырып бір түрлі ортақ келісімге келе алмағанымыз. Содан «жүрегімізде қарадан көп ақ ойлардың басым болуын тілейік» сөздерімен төмендегідей печеньелерді таңғы шәйымызға ұсынғанымда құрбым еріксіз күліп, келісімсіздіктердің бәрі бірден ұмытылған болды. өз өзіме дән ризамын :-Р

– 300 гр ұн
– 1,5 стакан қант пудрасы
– 150 гр сары май
– 50 гр сұйық май
– 3 жұмыртқа сарысы
– 60 гр какао
– 1 лимон цедрасы
– ванилин
– разрыхлитель

Ұнды үстелге елеңіз. Сары майды ұнға қойып, ұнмен бірге майдалап тұраңыз. Қант пудрасы, жұмыртқа сарысы, лимон цедрасы, ванилин, разрыхлитель қосып бәрін бірге араластырыңыз. Жұмсақ та емес, қатты да емес орта жұмсақтықта қамыр илеңіз. Қамырды екіге бөліңіз. Үстін майлықпен жауып, 15 минутқа қойып қойыңыз. Қамырдың біріне какао қосыңыз. мен «Рахат»тың какаосын қолданамын, ол болса сәл құрғақтау болғандықтан какаоға 50 гр сұйық май қосып араластырдым. Қара мен ақ қамырды бірдей етіп 1 см қалындықта жайыңыз.

Печенье формасымен жүректерді кесіңіз. Енді, қара печеньені ортасынан бөліп, ортасынан бөлінген ақ печенье бөлігімен қосыңыз. Үстінен сәл бастырыңыз да, арнайы қағаз төселген ыдысқа тізіңіз. Печеньелердің үстіне жұмыртқа ағын жағыңыз. Үсті сәл қызарғанға дейін пісіріңіз (= 15-20 минуттай) .

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s