Поғача (рogaca)

Бұл бәліштерді (түр. поғача) Гүлфия құрбымның дастарханынан көріп жасадым. Оның поғачалары сондай әдемі да дәмді болды – сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жасалыну оңай болғанымен, поғача қамыры өӨөтее жұмсақ болған соң, бірдей үлкендікте поғача жасау қиынға соқты. Ол да тәжірибемен келетін нәрсе болар.

– 2 стакан жылы сүт
– 1 шәй қасығы ашытқы
– 100 гр қант
– 2 жұмыртқа
– тұз
– 1 стакан сұйық май
– ұн

ішіне қалауыңыз бойынша: брынза + укроп; картоп + укроп + жұмыртқа; немесе жұмыртқа мен көк пияз қоссаңыз болады.

Сүтке ашытқыны жібітіп, ашытқы көтерілгенше үстін жауып қойыңыз. Көтерілген ашытқыға сұйық май мен қант қосып араластырыңыз. Жұмыртқаның бір сарысын поғачалардың үстіне жағу үшін алып қойып, қалған жұмыртқаны сүт қоспасына қосып араластырыңыз. Тұз бен ұн қосып өте жұмсақ қамыр илеңіз. Қолға сәл жабысатын қамыр болады. Қамырдың үстін жауып қамыр көтерілгенше жылы жерде кем дегенде 20 минут ұстаңыз. Дайын «жабысқақ» қамырды аз аздан алып, ұнға малып, ортасына начинка қойып жабыңыз да, майлы ыдысқа тізіңіз. Әр поғачаның үстіне жұмыртқа сарысын жағып, талғамыңызға қарай кунжут сеуіп пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ұн тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to Поғача (рogaca)

  1. Aysha айтады:

    mmm, damdi eken. i6ine "food master"din tvorogi+tuz kostim.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s